ТАБИҒАТТЫ АЯЛАҒАН – БОЛАШАҚТЫ ҚОРҒАЙДЫ
2025 жылдың 5 желтоқсан күні, Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде эко сынып жобасына қатысушы оқушылармен ерекше мазмұнды макеттік жоба талдау жиыны өтті. 4 «Г» сыныбының оқушылары экологиялық бағыттағы өз жұмыстарын жан-жақты саралап, табиғатты қорғау туралы шын көңілден туған ойларын, тілектерін және ұсыныстарын ортаға салды. Балалардың әр пікірі — айналаны аялаудың, жер анаға жанашыр болудың кішкентай болса да үлкен қадамдары іспетті. Жиын барысында арнайы дайындалған бейнероликтер көрсетіліп, оқушылар табиғатқа қатысты күрделі сұрақтарға жауап беріп, өз көзқарастарын батыл жеткізді. Бұл – олардың экологиялық мәдениетінің артып, қоршаған ортаға деген жауапкершілігінің қалыптасып келе жатқанының айқын дәлелі. Осындай мазмұнды кездесулер жас ұрпақтың бойына туған жерге деген сүйіспеншілік пен табиғатқа қамқорлық сезімін ұялататыны сөзсіз. Бүгінгі талқылау – болашаққа жасалған жарқын қадам болды. 🌿💚





