Меню KDT

"Әлкей Марғұлан" атындағы №40 мектеп-лицей


 

Kazakh
Директорға сұрақ қою

 

ҚЫЗДАР ЖИНАЛЫСЫ

 

2022 жылдың 13 желтоқсан күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде "Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді әрекет" атты іс-шара ұйымдастырылды іс- шараға Астана қаласы Әдістемелік орталық әдіскері Сатымбекова Талжибек Сатылғановна мен жанұялық дәрігерлік амбулатория маманы Мусина Гульнара Абаевна қатысты. Кездесу барысында тұрмыстық зорлық-зобылық, буллинг, психологиялық көмек, жасөспірім құқығы тәрізді тақырыптарда оқушыларға кең ауқымда мәліметтер беріліп, оқушылардың қызығушылық білдірген сұрақтарына жауап берілді. Іс шараның өтуін тәрбие бөлімі, мектеп психологтары, құқық бұзушылық алдын алу менеджері, мектеп медбикесі ұйымдастырды. Бұл іс-шара қоғамда болып жатқан зорлық-зомбылық көріністердің алдын алу, оқушыларды ақпараттандыру мақсатында өткізілді.


 


ЕЛ МЕРЕЙІ – ҚАЛАМ ҰШЫНДА

Тәуелсіздік мерекесіне орай ұйымдастырылған шаралардың бірі шәкірттердің шығармашылық қабілетін дамыту, жазуға деген құлшынысын шыңдау мақсатында өткен «Туған елге деген сүйіспеншілік» атты эссе байқауына бұл жолы 9 - 10 - сыныптар қатысты. Нәтижесінде 10 «Б» сынып оқушысы Жусупбаева Мерей грамотамен, жүлделі ІІІ орынды 9 «А» сынып оқушысы Марат Жанетта, 10 «Б» сынып оқушысы Жұмабек Қарақат, ІІ орынды 9 «А» сынып оқушысы Сансызбаева Айнұр, 9 «Е» сынып оқушысы Бекежан Лаура, І орынды 9 «В» сынып Бейсекеева Дильназ иеленді. Ақ қағазда туған жері, ардақты Отаны, еліміздің жеткен жетістігі мен еңсерген еселі еңбектері көрініс тапқан оқушылар осылайша егемендік қарсаңында өз үлесін қосып, жас та тәуелсіз Қазақстанның ұланы болғанын мақтанышпен жеткізді.



 


ЕЛІМ МЕНІҢ ЕҢСЕЛІ

Егемендіктің құны қаншалықты жоғары екенін шәкірттерімізге ұғындыру мақсатында 8 - 12 желтоқсан аралығында мектебімізде бірыңғай сынып сағаты өткен еді. «Тәуелсіз елім – Қазақстан» тақырыбымен ұйымдастырылған сабаққа 1 - 11 - сынып оқушылары қатысты. Жүріп өткен жолымыз, қазіргі бағдарымыз, келешектегі бағытымыз жайында оқушыларға құнды мәлімет берілген сынып сағатын ұйымдастырғандар – жауапты сынып жетекшілері.



 


КЕУДЕДЕ НАМЫС ОТЫ МЕН «ЖАС ҚЫРАН» ТӨСБЕЛГІСІ ЖАРҚЫРАЙДЫ

Еңселі егемендіктің 31 жылдығы қарсаңында мектебіміздің ең жас білімпаздары – 1 - сынып балалары «Жас қыран» оқушылар ұйымына салтанатты түрде қабылданды. Осылайша, 231 жас шәкірт көк аспанымызда қалықтаған еркіндік символы – қыран құс бейнеленген төсбелгіні кеудеге тағып, ұйым мүшесі атанды. 1 «А» сыныбы – Мәншүк Маметова, 1 «Ә» сыныбы – Әлия Молдағұлова, 1 «Б» сыныбы – Ыбырай Алтынсарин, 1 «В» сыныбы – Бауыржан Момышұлы, 1 «Г» сыныбы – Қаныш Сәтпаев, 1 «Д» сыныбы – Шоқан Уәлиханов, 1 «Е» сыныбы – Ғабит Мүсірепов, 1 «Ж» сыныбы – Бейімбет Майлин, 1 «З» сыныбы – Мағжан Жұмабаев сынды ұлт жанашырларының есімін топ атауы етіп алып, топ басшылары жиынға қаншалықты әзір екенін көрсетті. Мемлекеттік әнұран орындалған соң, «Біз Әлкей Марғұлан атындағы «Жас қыран» оқушылар ұйымының мүшелігіне салтанатты түрде ене отырып, өз жерімізді, елімізді, халқымызды қорғауға, мәдениетін, ана тілін қастерлеуге, жақсы оқуға ант етеміз» деп ант берді. Отанымыздың болашақ қорғаны, болашақ жалынды жастарына төсбелгіні салтанатты жағдайда акт залында табыстағандар: мектеп директоры Базыл Жанкелді Сағынтайұлы, директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары Тлеулесова Жұмагүл Балташқызы, Есіл Жұмагүл Балтабайқызы, Нұргүл Хаздайқызы, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Найманбаева Жұлдыз Балғабайқызы.

Шара соңы білім ордасының басшысы Базыл Жанкелді Сағынтайұлының балдырғандарға деген құттықтауымен, «оқуда үздік болыңдар» деген ақ пейілді тілегімен түйінделді.

Click to enlarge image 1-1.jpg



 


РАХМЕТ САҒАН, ТУҒАН ЕЛ

2022 жылдың 7 желтоқсан күні М.Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайында ҚР Тәуелсіздік күніне арналған білім беру ұйымдарының әкелері мен жасөспірімдер арасындағы «Рахмет саған, туған ел!» атты ІV қалалық патриоттық әндер байқауы өтті. Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінің әкелері мен оқушылары ұсынған бейнеролик іріктеу кезеңінен өтіп, байқаудың финалына жолдама алды. Байқаудың мақсаты: әкелер мен балалардың музыкалық-теориялық, қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту, қолдау.


ҚЫЗДАР ЖИНАЛЫСЫ

Бүгін, 2022 жылдың 1 желтоқсан күні, Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп - лицейінде 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығындағы "Гендерлік зорлық - зомбылыққа қарсы 16 күндік" аясындағы жоспарға сәйкес, Астана қаласы Полиция департаментінің әйелдерді зорлық - зомбылықтан қорғау бөлімінің аға инспекторы Шрахметова Гүлмира Тілеуғалиқызымен кездесу болып өтті. Тағылымды басқосуға 9 - 10 - сынып оқушыларының қыз балалары қатысты. Кездесуде нәзік жанды оқушыларымыз заң аясындағы сұрақтарға жауап алып, құқықтық сауатын арттырды.



 


КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ

Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп - лицейінде 10 - 11 сынып оқушыларымен Almaty Management University — Алматы қаласындағы бакалавриат, магистратура, докторантура, MBA (Master of Business Administration) және DBA (Doctor of Business Administration) бағдарламалары бойынша мамандар дайындайтын жоғары оқу орнынан келген маман қызметкері С. Замир кәсіптік бағдар беру бойынша ақпараттық кездесу жүргізді. Мамандықты саналы таңдауда адамның қабілеттілігінің қалыптасуының да үлкен маңызы бар. AlmaU – Қазақстандағы алғашқы бизнес университеттерінің бірі. 2014 жылдан кейін МАБ университеті – Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU) мәртебесіне ие болды. Сондай - ақ оқушыларға талапкер сауалнамасы беріліп, толтырылды. Кәсіби бағдар беру — жас ұрпақты өзіне ұнаған тиісті мамандықты саналы таңдап алуға дайындауға бағытталған іс - әрекеті.


 


ЖАЙДАРЛЫ ЖАСҰЛАН

Бүгін 2022 жылдың 21 қараша күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп - лицейінде мектеп парламентінің ұйымдастыруымен балалар жылына орай мектепшілік «Жайдарлы Жасұлан» жайдарман тапқырлар ойыны болып өтті. Балалар жылын қолдау мақсатында оқушылардың бос уақыттарын қызықты өткізу, оқушыларды ізденіске, шығармашылыққа баулу ретінде жас дарынды оқушыларды анықтау. Байқау 9 - 10 сынып оқушылары арасында өткізіліп, 2 кезеңнен құралды. Топтың сәлемдесуі, еркін тақырыпта үй тапсырмасы. Екі кезеңде де тақырыпқа сай балалар жылы қамтылуы тиіс. Командалық есеп нәтижесінде ойынның келесі кезеңіне 9 «В» сыныбының Вареники командасы 54,5 ұпаймен 10 «А» сыныбының Интрига командасы 51 ұпаймен және де 10 «Б» сыныбының Мадина командасы 51 ұпаймен өтті. Командаларға СӘТТІЛІК тілейміз.

Click to enlarge image 1-1.jpgClick to enlarge image 1-2.jpg

 


Астана қаласының Білім басқармасы, ҚР Оқу - ағарту министрлігі Балардың құқықтарын қорғау комитетінің 20 қараша Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Бала құқығы - адам құқығы» атты он күндікке аясында Ә.Марғұлан атындағы №40 мектеп - лицейі мектеп ішілік іріктеуден өткен «Әр балалың құқығы бар» тақырыбында сурет байқау жұмыстары жолданды. Байқауға 5 - 9 сынып оқушылары белсенді түрде қатысты. Өз құқықтарын сурет арқылы жеткізе білді.


Астана қаласының Білім басқармасы, ҚР Оқу - ағарту министрлігі Балардың құқықтарын қорғау комитетінің 20 қараша Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Бала құқығы - адам құқығы» атты он күндікке аясында Ә. Марғұлан атындағы №40 мектеп - лицейі "Құқығым бар" атты эссе жазу байқауы ұйымдастырылды. Оқушылар өз ойын замануи тұрғыды, заң аясында зерделей білді.


ЖАЙДАРЛЫ ЖАСҰЛАН

Бүгін 2022 жылдың 17 қараша күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп - лицейінде мектеп парламентінің ұйымдастыруымен балалар жылына орай мектепшілік «Жайдарлы Жасұлан» жайдарман тапқырлар ойыны болып өтті. Балалар жылын қолдау мақсатында оқушылардың бос уақыттарын қызықты өткізу, оқушыларды ізденіске, шығармашылыққа баулу ретінде жас дарынды оқушыларды анықтау. Байқау 8 сынып оқушылары арасында өткізіліп, 2 кезеңнен құралды. Топтың сәлемдесуі, еркін тақырыпта үй тапсырмасы. Екі кезеңде де тақырыпқа сай балалар жылы қамтылуы тиіс. Командалық есеп нәтижесінде ойынның келесі кезеңіне 8 «В» сыныбының 570 командасы мен 8 «Г» сыныбының ЖасStar командасы өтті. Командаларға СӘТТІЛІК тілейміз

Click to enlarge image 1-1.jpgClick to enlarge image 1-1.jpg

4

 


КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ

2022 жылдың 15 қараша күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп - лицейінің 11 сынып оқушыларымен кәсіптіктік бағдар беру жұмысы болып өтті. СИНЕРГИЯ УНИВЕРСИТЕТІ өкілі атаулы оқу орнына оқуға түсуге шақырды. Кәсіби бағдар беру мақсатында Ресейлік Университетінің ерекшелігі жайында оқушыларға толық мәлімет берілді. Сондай - ақ мұғалімдерге де Синергия университетінде магистратураға оқу мүмкіндіктері бар екендігін айтып жеткізді.


БЕРЕКЕЛІ АЛТЫН КҮЗ

2022 жылдың 10 қараша күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп - лицейінде 8 - 10 сыныптар арасында «Жас Ұлан» ұйымының ұйымдастыруымен «Күзгі бал» кеші өткізілді. Оқушыларды қоғамдық жұмысқа деген қызығушылығын ояту мақсатында ұйымдастырылған кеш әр сыныптан қатысқан жұптардың таныстыруымен басталып, «Өнер көрсету» кезеңімен жалғасты. Оқушылар өз өнерлерін ортаға салып, барынша тырысты. Әділ қазы алқаларының дауыс беру нәтижесі бойынша 10 «А» сынып қатысушы жұптары Дильназ бен Нұрсұлтан күзгі баллдың «Ханзада мен ханшайымы» атанды. Ал жүлделі І орынды 8 «А» сынып жұбы Аманай Әділхан мен Жұмабекова Аяулым, ІІ орынды 9 «Ә» сынып жұбы Жанбырбеков Ерасыл мен Кобланова Алина, ІІІ орынды 10 «Б» сынып жұбы Жангужинов Медет пен Едігеева Саида иеленді. Сондай - ақ кеш нәтижесінде «Үздік вальс», «Көрермен көзайымы», «Өнерлі жұп» сынды номинациялармен марапатталды.

Биылғы алтын күз мерекесіне орай оқушылардың қолдан жасаған сән үлгі киімдері мен қолөнер бұйымдары ерекше болды.





СЫРШЫЛ АҚЫН МЕРЕЙТОЙЫНДА ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНАН КӨРІНДІ

«Орта жолда бүріп тастап оқ құзғын,

Құлап жаттым құшағында көк мұздың,

Қасіретімді – қазақ тілін қанат қып,

Төрт бұрышты дүниеге жеткіздім» деп қасиетті қазақ тілін жыр еткен, қазақ әдебиетінде айшықты қолтаңбасын қалдырып, өлең жолдары жас ұрпаққа шамшырақ болған сыршыл ақын Сырбай Мәуленовтің биыл 100 жылдығы. Елдік деңгейде жүріп жатқан шаралар легіне елордалық мектептер де үлес қосып отыр. Мәселен, Нұр-Сұлтан қаласында жалпы орта білім беретін №37 мектеп-лицей – Сырбай Мәуленов есімін иеленген білім ордасы. Былтырғы 2021-2022 оқу жылының басында, атап айтқанда, мерейтойға бір жыл бұрын қалғанда, ақын өлеңдерін жатқа оқудан челлендж бастау алған еді. Аталмыш шараға Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейі де үлес қосып, ақынның «Туған жерім Торғайым» өлеңін оқыды. Мектеп директоры Жанкелді Сағынтайұлы, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Амангүл Көпберген, түлегіміз Мөлдір Қабыкен, оқушымыз Ақмарал Болат осылайша «Сырбайдың ғажап сырлары» эстафетасына қатысып, кезекті №41 орта мектебіне жолдаған еді. Биыл сол бір шара түйінделіп, нәтижесінде Марғұлан мектебінің әзірлеген бейнеролигі топ жарып, І орынды иеленді. Сондай-ақ 100 000 теңге көлеміндегі сертификат қоса берілді.

Бас қаладағы №37 мектеп-лицейінде өткен «Өлеңім – өмірім менің» атты республикалық ғылыми-практикалық конференциясына келген меймандар қатары да көп болды. Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасы жалпы орта білім берудің мазмұны мен әдістеме бөлімінің басшысы Асыл Амангелдіқызы, филология ғылымдарының докторы, профессор Серік Негимов, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, ақын Серік Тұрғынбеков, заң ғылымдарының докторы, профессор, ақынның ұлы Қасым Мәуленов және басқа да меймандар қатысты.

Ғажапқа толған, сырға тұнған өлең жолдарының авторы, біртуар ақын, публицист Сырбай Мәуленовтің 100 жылдық мерейтойы елордалық мектептер арасында осылайша өз мәресіне жетті. Қалалық деңгейде мазмұнды да тағылымды өткен шараны ұйымдастырған №37 мектеп-лицейіне айтар алғысымыз зор. Ынтымағымыз артып, өлең сүйер ұрпақ өсе берсін!




«ЕҢ ҮЗДІК ТӘРБИЕ ОРЫНБАСАРЫ - 2021» БАЙҚАУЫ

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша білім беру ұйымдарының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары арасында қалалық «Ең үздік тәрбие орынбасары-2021» байқауы өткізілген болатын. Аталған байқау екі кезеңді құрады. Бірінші кезең бойынша тәрбие жұмысының үздіктері өздерінің жұмыс күндерінен бір күнді бейнелеп бейне роликтер дайындады, осы аталған кезеңнен келесі кезеңге 15 қатысушы екінші финалдық кезеңге жолдама алды. Байқау талабына сай «Сreative Mentor Shool», «Заманауи педагог» слайд түрінде мультимедиялық жобаның презентациясы және жобаның бейнеролигі жасалып байқаудың финалдық кезеңіне жолданған болатын. Осы аталған кезеңдер бойынша өзінің «Эко мектеп» жобасын ұсынған әріптесіміз Әлкей Марғұлан атындағы 40 мектеп-лицейі директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Найманбаева Жұлдыз Балғабайқызы екі кезеңнен де сүрінбей өтіп, "Ең үздік тәрбие орынбасары" қалалық байқауының І орын жеңімпазы атанды. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Директорға сұрақ қою