Меню KDT

"Әлкей Марғұлан" атындағы №40 мектеп-лицей


 

Kazakh
Директорға сұрақ қою

Тарих

«Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп- лицей» КММ  қоғамдық пәндер және
 өзін-өзі тану бірлестігі

Ақырын жүріп,анық бас, Еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық қылған жалықпас , Үйретуден балаға.
Абай Құнанбайұлы
        
Ұстаз ізденгіш болуы,ойлай білуі,қандай істі болсын,бар ынтасымен атқара білуі керек. «Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп-лицей» КММ-де қоғамдық және өзін- өзі тану бірлестігі алдағы оқу жылында «Инновациялық әдістер арқылы оқушыларға тарихымыздың құндылығын ұғындыру, бүгінгі күнмен сабақтастыру, келешек ұрпақты тұлға ретінде іскерлікке дамыту» Тарих сабақтарында инновациялық әдістерді пайдалану арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық деңгейін қалыптастыру.Міндеттері:Өз білімін жетілдіру арқылы жаңашыл педагогикалық технологияларды үйрену және қолдану; Мониторинг жүргізу арқылы жеке қабілеттерін ашу;Әр оқушының оқытылу деңгейін көтеру,Мотивациясы төмен оқушылармен  жүргізілетін жұмысың нәтижесін бақылау, талдау;Оқушыларды мектепішілік, қалалық деңгейдегі пәндік олимпиада, интеллектуалды ойындарға катыстыру; Жас мамандарға теориялық және әдістемелік көмек беру; Баспа беттеріне мақалалар жариялау;
Әр пән мұғалімі өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана оқушысы зор жетістіктерге жететіні хақ. Бірлестігімізде жоғары деңгейлі 2 мұғалім, бірінші деңгейлі 3, жас мамандарда қызмет етеді.
 Бірлестік жетекшісі Сабанбай Дина Мұхаметбайқызының қалалық дәрежеде бірнеше авторлық бағдарламалары жазып, қала көлемінде таратылды.  «Дарындылықтың қайнар көзі-мектеп» Астана, 2015жыл(мұғалімдерге арналған әдістемелік оқу құралы).2.Алаш мұраты- Тәуелсіз Қазақстан(таңдау курс бағдарламасы) 3.Алаш мұраты - Тәуелсіз Қазақстан. Астана, 2018 (таңдау курсы бағдарламасы). 3. Ұлы Дала Тарихы (6- сыныпқа арналған оқу бағдарламасы) Нұр-Сұлтан , 2019жыл. Оқушыларына әрдайым сапалы білім беру жолында  ізденімпаз ұстаз.Мемлекет мәртебесі қашан да білімді ұрпақ, білікті мамандар негізінде ғана  жоғарылайды. Демек, бүгінгі мектеп оқушысының білімі болашақ мемлекет мәртебесінің өлшемі десек артық айтқандық емес. Яғни  мемлекеттің болашағы мектеп табалдырығынан басталады. Оқушыларға білім беруде мұғалімнен үлкен білімділік, ізденіс талап етіледі. Сондай ұстаздарымыздің бірі тарих пәні мұғалімі  Құрманғалиев Қайыргелді Мирашұлының еңбегін ерекше атауға болады. Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде
2011 жылдан бері тарих пәнінен сабақ береді. Оқушылары аудандық, қалалық, республикалық  сайыстардың және пән олимпиадаларының жеңімпаздары. Әр жылғы  ҰБТ нәтижесі бойынша Нұр-Сұлтан қаласы бойынша бірінші орында.  Уақыт талабына сай жаңашыл, ізденгіш, білікті мұғалім.    Республикалық марапаттарын атап өтуге болады.
            Өміржан Ботагөз Қалибекқызы, біліктілігі жоғары деңгейдегі Қазақстан тарихы және дүниежүзі пәні мұғалімі, ІІ санатты. 2006 жылы Қостанай  мемлекеттік педагогикалық институтын тәмамдады.
Ә.Марғұлан атындағы орта мектепте 2012 жылдап бастап, осы уақыттан бері аталған мектеп-лицейде еңбек етіп келеді.
2019-2020 оқу жылында республикалық "Ұлы даланың рухани жаңғыруы" конференциясына қатысқаны үшін Сертификат. 2019-2020  оқу жылында Білім беруді жаңғырту орталығы өткізген «Жаңартылған білім беру мазмұны-рухани жаңғыру негізі» тақырыбындағы қалалық семинарға қатысты.
Кәдірбек Шыныр Демеусінқызы еңбек өтілі 7 жыл. Алғашқы еңбек жолын 2005-2011 жж Алматы қаласындағы  Ә. Марғұлан атындағы Археология институтында ғылыми қызметкер дәрежесінде қызмет етті. 2007-2008 жж Ы. Алтынсарин атындағы №149 көпсалалы гимназияда тарих пәні мұғалімі болып қызмет атқарды. 2017 жылдан  Нұр Сұлтан қаласындағы Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп лицейінде тарих пәні мұғалімі болып еңбек етуде. 2018 жылы оқушысы Кусаинова Дильназ ғылыми  олимпиданың 3 орын жүлдегері болды.  
 Жас маман  Әбдібек Мейрамгул Серікбайбайқызы.Ізденушілігі жоғары, болашағынан өз мамандығын сүйетін жақсы маман болатынына сенімін зор.

 

Директорға сұрақ қою