Skip to content

ТАРИХТЫҢ ЖАС СҰҢҚАРЛАРЫ Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фарабидың «Тарихты…

ТАРИХТЫҢ ЖАС СҰҢҚАРЛАРЫ

Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фарабидың «Тарихты білмей өткенді, қазіргі жағдайды білу, болашақты болжау қиын» деген жақсы сөзі бар. Осыны негізге алған тарих пәнінің мұғалімі, әріптесіміз Құрманғалиев Қайыргелді Мирашұлы оқушылар арасында зияткерлік сайыс өткізді. Балалардың Қазақстан тарихы пәніне қызығушылығын арттыру, цифрланған дәуірде ұлттық танымнан алыстамай, адамзаттың жүріп өткен тарихи жолын, ерлігі мен мәдениетін қастерлеуді мақсат еткен іс-шара бір ай бұрын басталып, 28 қараша күні қорытындыланды. Биыл ҰБТ тапсыратын, Қазақстан тарихынан тыңғылықты дайындалып жүрген түлектер жеребе тастау әдісі арқылы іріктеліп алынды. Ең алдымен сыныпаралық және финалдық жарысқа қатысқан 70 баланың қатары суперфиналға дейін сиреп, білімін дәлелдей алғандар ақтық сында өзара бақ сынасты. Суперфинал 8 турдан тұрды, арасында сурет жасыру әдісі, тест сұрақтары да болды. Үш сыныптан екі оқушыдан шыққан 6 бала марапаттау сәтінде мазмұнды, оқылымды, байыпты кітаптармен марапатталды. Ал жеңіс тұғырынан көрінген Егізбай Ұлан – ІІІ орын, Абдужалил Бейбіт – ІІ орын, Имашев Аманәли І орынға лайық атанды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *