ТАТУЛЫҚ – ДОСТЫҚТЫҢ КИЕЛІ БЕСІГІ
2022 жылдың 29 сәуір күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде 1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай «Татулық – достықтың киелі бесігі» атты мерекелік кеш болып өтті. Мерекелік кештің негізгі мақсаты: оқушыларға Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындырып патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу. Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлауға үйрету. Мерекелік кеш мың бұралған «Самұрық» би ансамблінің «Дала назы» биімен бастау алып, 6 сынып оқушыларының әр ұлттың тілінде сәлемдесуімен жалғасын тапты. Сондай-ақ 8 «Ә» сынып оқушысы Аманжолқызы Бірғанымның «Қазақ елі» атты әуені, 8 «А» сынып оқушысы Ислам Фатиманың «Ryn away» әні шырқалып, 1 сынып оқушыларының Үнді биімен тамсандарды. Мерекелік кештің соңы домбыраның сазды үнімен жалғаған Жангужинов Медет пен Нұрбек Жанболдың «Балбырауын» күйін орындап шықты. Елімізде бейбіт өмір сүріп жатқан ұлттар мен ұлыстардың татулығы артып, Қазақ елі нығайып, өркендей берсін. Мереке құтты болсын!