Skip to content

ТӘУЕЛСІЗДІК – АЩЫ ТЕРМЕН КЕЛГЕН ТӘТТІ ЖЕҢІС АТТЫ МЕРЕКЕЛІК КЕШ…

ТӘУЕЛСІЗДІК – АЩЫ ТЕРМЕН КЕЛГЕН ТӘТТІ ЖЕҢІС АТТЫ МЕРЕКЕЛІК КЕШ
Бүгін 2019 жылдың 13 желтоқсан күні Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп-лицейінде тәуелсіздіктің 28 жылдығына арналған "Тәуелсіздік – ащы термен келген тәтті жеңіс" атты мерекелік кеш өтті. Кеш оқушыларымыздың сомдауымен желтоқсан оқиғасын еске салып, көрерменнің жан жүйесін тебіренткен театрланған қойылыммен басталды. Қойылымда оқушылар Қайрат, Сабира, Ләззат сияқты желтоқсан құрбандарының мәңгі өшпес образдарын жоғары деңгейде алып шықты. Мектеп оқушыларынан құралған вокалды топ "Туған жер" әнін, домбырашылар ансамблі "Арынғазы" атты халық күйін орындады. Кеш барысында мектебіміздің "Самұрақ" би ансамблінің оқушылары батыр бейнесінде шығып, көрерменге зор рух пен шабыт сыйлады. Сондай-ақ оқушыларымыз кеш қонақтарын тәуелсіздікті ту еткен рухты поэзиямен сусындатты. Поэзияны жоғары буын мен орта буын оқушылары бірлесе оқып, өткен тарихымыз бен бүгінімізді байланыстырып, сабақтастыра оқыды. Мектеп ұстаздары мен оқушыларын мектеп директоры Базыл Жанкелді Сағынтайұлы тәуелсіздік мерекесімен шын жүректен құттықтап,тәуелсіздік тәңірдің бізге берген үлкен сыйы екендігін айтып өтті. Кеш соңы Әлжан Нұрлыбековтың сөзі мен әніне жазылған "Жаса Қазақстаным" әнімен қорытындыланды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *