Skip to content

ТӘУЕЛСІЗДІК БАСТАУЫ – ЖЕЛТОҚСАН Бүгін 2021 жылдың 13 желтоқсан күні…

ТӘУЕЛСІЗДІК БАСТАУЫ – ЖЕЛТОҚСАН

Бүгін 2021 жылдың 13 желтоқсан күні Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп-лицейінде 1986 жылдың желтоқсанына арналған «Тәуелсіздік бастауы – Желтоқсан» атты кездесу болып өтті. Кездесу Отан үшін қыршыннан қиылған боздақтарымызды еске алу үнсіздігімен басталды. Кездесуге 1986 жылдың желтоқсанындағы адал да аңғал қазақ жастарының бодандыққа қарсы жойқын бұлқынысы, бейбіт шеруге шыққан, тұңғыш рет кеңес империясының зорлықшыл тас қамалынан тайсалмаған желтоқсан құрбандарының ерлігін, жалынды жырларын оқушыларға жеткізу мақсатында желтоқсан оқиғасының қатысушылары: Абылгазина Батима Емильбаевна, Отаршиев Жармуханбет Есиркепович, Жексембаева Гульзия Адилқызы, Базлуов Нұрлан Тлеубердиевич, Тойбек Жұлдыз Райымбекқызы қатысты. Желтоқсан оқиғасына қатысқан аға-апаларымыз оқушыларға тарихта «Желтоқсан-86» деген атпен қалған үлкен тарау, жыл сайын ерліктің, ұлтжандылықтың символына айналып, жастарға үлгі-өнеге болып отырғандығын айтып, кешегі Брежнев алаңы – бүгінгі Республика алаңында талай қыз-жігіттер солақай саясатқа қарсы шығып, билік басына қазақ басшының келгенін қалап, бейбіт шеруге шыққан оқиғаларын айтты. Сондай-ақ сол дәуірдің студент қазақ жастарының бойында тән қайсарлық пен табандылық лаулап тұрғанын жеткізді. Мектеп директоры Базыл Жанкеді Сағынтайұлы бүгінгі кеште руханият пен тағылымды тарихтан аз сыр шертілмегенін айтып, желтоқсан оқиғасының майталмандарын мектеп атынан арнайы әзірленген алғыс хаттармен марапаттады. Кеш соңы мектебіміздің өнерлі оқушыларының бірі Жәрдембек Досмұхамедтің орындауындағы «Атамекен» әнімен қорытындыланды.
Өскелең ұрпақ сіздерге қарыздар, сіздерге бас июге парыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *