ТӘУЕЛСІЗДІК – ЕЛ ҰРАНЫ
2023 жылдың 15 желтоқсан күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде 16 желтоқсан – ҚР Тәуелсіздігі күніне орай «Тәуелсіздік-ел ұраны» атты еске алу кеші болып өтті. Кеш Тәуелсіздік жолында құрбан болған батырларды еске алу үнсіздігімен бастау алып, желтоқсан оқиғасын суреттейтін әдеби монтажбен жалғасын тауып, сонау қиын кезеңдегі өлең шумақтарын орындап, Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимні шырқалды. Кеш барысында талантты оқушыларымыз домбырада күй ойнап, тәуелсіздік жайлы ән айтып өз өнерлерін көрсетті. Кеш соңы мектебіміздің музыка пәні мұғалімі Қайнар Қатпай мен 9 сынып оұушысы Нұрәлі Нұрдәулеттің орындауындағы Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әнімен қорытындыланды.
ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗ ТҰҒЫРЛЫ БОЛСЫН!
#Біртұтастәрбие
#16_тәуелсіздік_күні
#тәуелсіздікке32жыл
#білімастана
#RUMCDO
@astana_adistemelik_ortalyq