ТӘУЕЛСІЗДІК – ЕЛ ҰРАНЫ
Бүгін 2024 жылдың 12 желтоқсан күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде 16 желтоқсан – ҚР Тәуелсіздігі күніне орай «Тәуелсіздік-ел ұраны» атты еске алу кеші болып өтті. Кеште мектеп оқушылары 1723 жылғы Ақтабан шұбырынды, 1836-1838жж Исатай мен Махамбет, 1837 Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістерді, 1931 жылгы аршашылық кезеңін, 1937 жылғы зұлмат жылды, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы сынды тарихи кезеңдерге тоқталып, желтоқсан оқиғасын суреттейтін сонау қиын кезеңді өлең шумақтарымен жеткізіп, 1987 жылы шығарылған «Қарабауыр қасқалдақ» әнін орындады. Еске алу кешінде тәуелсіздік жолында құрбан болған батырларды еске алуға арналған бір минуттық үнсіздіктік жарияланды. Кеш барысында талантты оқушыларымыз домбырада «Дала рухы» күйін ойнап, тәуелсіздік жайлы ән айтып өз өнерлерін көрсетті. Кеш соңы мектебіміздің оқушы Орынқұл Дарынның орындауындағы Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әнімен қорытындыланды. Туған елін қастерлеп өтер, ата-баба салтына бас иер, Желтоқсан боздақтарын ұмытпай, рухына тағзым етер ұрпағымыз тәуелсіз елде өсе берсін!