ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ ОРАЙ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ
2023 жылдың 13 желтоқсан күні мектебімізде 10 сынып оқушыларымен дөңгелек үстел болып өтті. Дөңгелек үстел барысында қоғамдық пәндер бірлестігінің жетекшісі Сабанбай Дина Мұхаметбайқызы оқушыларға Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні — тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні, Тәуелсіздік күні мерекесі әр жылдың 16 желтоқсанында аталатынын және желтоқсан оқиғасымен таныстырды. 1986 жылы 17 — 18 желтоқсан аралығында Алматыда болған қазақ жастарының КСРО үкіметінің отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық іс-қимылдары мен бостандыққа, тәуелсіздікке ұмтылған қазақ халқы тарихында елеулі оқиға болып табылады.
Сондай-ақ тарих пәні мұғалімі Өміржан Ботагөз Қалибекқызы сөз сойлеп, оқушыларға Тәуелсіздігіміздің тарихына тоқталды.
Болашағымыз білімді жастардың қолында екенін айтып, оқушыларға болашақтары жарқын, мақсаттары биік болсын деген нитепен тәмамдалды. Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!