ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ ОРАЙ ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ САЙЫСЫ
Халқымыз ежелден денсаулықтың қадірін жете түсініп, оны басты байлыққа балаған. Оқушылар арасында осы қағиданы берік ұстануға, ойы сергек, дені сау ұрпақ тәрбиелеу мақсатында Тәуелсіздік күніне орай Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп-лицейінде 2023 жылдың 15 желтоқсан күні «Тәуелсіздік тұғырым» атты тоғызқұмалақ сайысы болып өтті. Осыған орай 5-7 сынып оқушылары арасында «Тоғызқұмалақ» ұлттық ойыны ойнатылды.
Тартысты өткен ойында қыздар арасында жүлделі
І орынды Мырзағалиева Ясмин,
ІІ орынды Лесхан Сезім,
ІІІ орынды Асубаева Дильназ иеленді.
Ал ұлдар арасында жүлделі
І орынды Мұса Әлихан,
ІІ орынды Ғабидолла Әбілмансұр,
ІІІ орынды Қалабай Нұрсұлтан иеленді. Ұйымдастырушы үйірме жетекшісі, дене шынықтыру мұғалімі Мұса Танат.