ТӘУЕЛСІЗДІК ҚЫРАНДАРЫ
2021 жылдың 11 желтоқсан күні Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай мектепішілік «Тәуелсіздік қырандары» атты эстафета жарысы өтті. Спорттық жарыста 7-сынып оқушылары бақ сынасты . Жарысқа барлығы жеті команда қатысты. Тартысты жарыста барлық команданың ойыншылары өз шеберліктерін көрсетті. Қызу тартысты өткен жарыстың қорытындысы бойынша командалар арасында ІІІ-орынды 7 «Д» сыныбы, ІІ-орынды 7 «Е» сыныбы, жүлделі І-орынды 7 «Г» сыныбы иеленді. Оқушылардың алған әсерлері өте керемет болды. Жеңімпаздар арнайы диплом, кубок, медальдармен марапатталды.