Skip to content

ТӘУЕЛСІЗДІК ТАҢЫНЫҢ ЖҰЛДЫЗДАРЫ ЖАРЫСҚА ТҮСТІ Тәуелсіздіктің 31-жылдығы қарсаңында ұрпақтар сабақтастығын…

ТӘУЕЛСІЗДІК ТАҢЫНЫҢ ЖҰЛДЫЗДАРЫ ЖАРЫСҚА ТҮСТІ

Тәуелсіздіктің 31-жылдығы қарсаңында ұрпақтар сабақтастығын үзбей, балалардың бойында Отанына деген құрметін арттыру, өткен тарихтан өнеге алып, жаңғырту – «Терең тарихтан – жарқын болашаққа» деген тақырыппен өткен білім бәйгесінің басты мақсаты. Балалар жылы аясында өткен сайыста Астана қаласының 4 ауданынан жалпы орта білім беретін бірқатар мектептің зейіні зерек оқушылары жиналды. Ел тарихына қатысты сұрақтарды жасыру арқылы логикалық дамуы бағдарланатын, командамен жұмыс істеудегі білгірлігі, коммуникативтік қабілеті аңғарылатын байқау 9 кезеңнен тұрды: «Тәуелсіздік шежіресі», «Фотосұрақ», «Тұңғыш рет», «Таным», «Қисын», «Бейнесұрақ», «Медиа», «Топ басшылары сайысы», «Шешендік өнер». Нәтижесінде жүлделі ІІІ орынды иеленген: №67 МГ «Болашақ», №59 МЛ «Олимп» командалары, ІІ орынды №56 МЛ «Жігер» командасы, І орынды №4 МГ «Жас Алаш» командасы, БАС ЖҮЛДЕНІ №73 МЛ «Бес арыс» командасы жеңіп алды. Жарыс соңында тарихтан құнды ақпарат берген ұйымдастырушыларға алғыс айтылып, қатысушы командаларға Астана қаласы Білім басқармасының дипломдары үлестірілді. Еңселі егемендіктің ақ таңында төл тарихын қастерлейтін ұрпақ көп болсын!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *