"ТӘУЕЛСІЗДІК ТАҢЫНЫҢ ЖҰЛДЫЗЫМЫЗ" АТТЫ ЗИЯТКЕРЛІК ТУРНИР
2020 жылдың 12 желтоқсан күні Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп-лицейінің 9-10 сынып оқушыларымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі қарсаңында оқушылардың мектепте меңгерген білім деңгейін анықтау, ойлау қабілеттерін дамыту, сөйлеу мәдениетін, жан – жақты ой өрісін жетілдіру, ой ұшқырлығын, оқуға деген ынтасын арттыру, Тәуелсіздігіміздің шексіз, мәңгі болуына адал қызмет ететін білімді де жан – жақты дамыған, интеллекті жоғары, батыл, намысты ұрпақ, шынайы патриоттар тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған "Тәуелсіздік таңының жұлдызымыз" атты зияткерлік-танымдық онлайн турнирі төрт кезеңнен өткізілді. Олар:
І кезең. 1986-2019 жылдардағы тарихи оқиғалардан тес сұрақтары;
ІІ кезең. Мектеп мұғалімдері алдын-ала түсірілген видео-сауалдар;
ІІІ кезең. Тәуелсіздік кезеңіндегі бір маңызды оқиға байланысты сұрақ.
ІҮ кезең. Спич шешендік өнер.Топ мүшелері 2 минуттан аспайтын видео түсіріп жібереді.
Төрт кезеңнен өткізілген турнир нәтижесі Бас жүлдені 10 "А" сыныбының "Егемен Қазақстан" тобы, І орынды 9 "Ә" сыныбынан "Алаш" тобы, ІІ орынды 10 "Ә" сыныбынан "Елорда" тобы, ІІІ орынды 9 "Г" сыныбынан "Тәуелсіз ұрпақ" тобы жеңіп алды. Ал "Сұңқар", "Марғұлан шәкірттері", "Жалын" топтары алғыс хаттармен марапатталды. Аталған іс-шараны ұйымдастырған директордың тәрбие орынбасары Жұлдыз Найманбаева және тарих пәні мұғалімі Қайыргелді Мирашұлы.