Skip to content

ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰҒЫРЫМ 2023 жылдың 15 желтоқсан күні Әлкей Марғұлан атындағы…

ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰҒЫРЫМ

2023 жылдың 15 желтоқсан күні Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп – лицейі кітапханасында Тәуелсіздік күніне орай 3 сынып оқушылары арасында «Тәуелсіздік тұғырым» тақырыбында жыр кеші өтті. Мақсаты: оқушының өлең оқуға қызығушылығын арттыру, отан сүйгіштікке тәрбиелеу. Сайыскерлерімізді бағалауда өлеңді мәнерлеп жатқа оқу шеберлігі, таңдаған шығармасының тақырыпқа сәйкестігі, мазмұны мен көлемі ескерілді. Сайысқа 3 «а» сыныбынан Смагулов Мәрлен. 3 «ә» сыныбынан Тұрсынхан Айару. 3 «б» сыныбынан Арғынбай Нұрсұлтан. 3 «в» Ықыласқызы Бегім, 3 «г» Мусина Мәдина, 3«д» Тезекбай Інжу. 3 «е» Баялина Анель, 3 «ж» Қуаныш Жангүлім. 3 «з» Салимжан Аружан сынды оқушылар белсене қатысты. Қатысушыларымыз өз елі, жері, Отаны туралы өлеңдерді оқуда өз шеберліктерін көрсетті.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *