ТӘУЕЛСІЗДІК ЖҮРЕГІМІЗДІҢ ТӨРІНДЕ
Бүгін 2021 жылдың 15 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде «Тәуелсіздік жүрегіміздің төрінде» атты кездесу кеш болып өтті. Кездесу кешімізге ЕҰУ түркітанушы ғалым, түркітану кафедрасының профессоры, PHD докторы Молдабай Талғат, ҚР БҒМ ғылыми жетекшісі, тарих институтының жетекші ғылыми қызметкері, PHD докторы Серік Мықтыбекұлы Сейтіман қатысты. Кездесу барысында қонақтарымыз осы күнге дейінгі Тәуелсіздікке қалай жеткеніміз жайлы және нағыз тәуелсіздік неден басталатыны жайлы сөз қозғады. Кеш соңы оқушыларымыздың Тәуелсіздікке арнау өлең шумақтары мен әуезді әндерімен қорытындыланды. МЕРЕКЕ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!