Skip to content

«ТАЗА БОЛСА ТАБИҒАТ, АМАН БОЛАР АДАМЗАТ» 2022 жылдың 11 ақпан…

«ТАЗА БОЛСА ТАБИҒАТ, АМАН БОЛАР АДАМЗАТ»

2022 жылдың 11 ақпан күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде мектепшілік «Экопатруль» тобының ұйымдастыруымен оқушылардың экологиялық мәдениетін көтеру, табиғатқа жанашырлық танытуға баулу мақсатында ұйымдастырылған «Қанатты достарымызға қамқор болайық» атты құстарға жемсалғыштар жасау және «Табиғат сақшысы» экологиялық өзекті мәселелерге байланысты бейнеролик түсіру байқауларының марапаттау кезеңі болып өтті. Кеште оқушыларға «Табиғат үн қаталса», «Пластик» бейнероликтері ұсынылды, сондай-ақ оқушыларға экологиялық сұрақтар,жұмбақтар,табиғатқа байланысты мақал-мәтелдер айту сияқты серігіту сәті ұйымдастырылды. Шара соңында байқауларда жұмыстары үздік деп танылған оқушылар марапатталды. Кеш «Экопатруль» тобының «Табиғат» әнімен қорытындыланды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *