Skip to content

ТАЗА ҚАЗАҚСТАН АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ЕРІКТІ ТҮРДЕ АТСАЛЫСҚАН МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ 2024…

ТАЗА ҚАЗАҚСТАН АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ЕРІКТІ ТҮРДЕ АТСАЛЫСҚАН МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ

2024 жылдың 18 желтоқсан күні Әлкей Марғұлан атындағы 40 мектеп-лицейінің оқушылары “Таза Қазақстан” акциясы аясында «100 мектеп – 1000 әке» атты қар тазалау челленджіне қатысты. Аталған челленджде әкелер қауымдастығының мүшелері мен Әлкей Марғұлан атындағы 40 мектеп-лицейінің оқушылары Астана қаласы әкімдігінің “№1 арнайы мектеп-интернаты аумағының ауласын қардан тазалады.
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы негізінде Таза Қазақстан акциясына қатысқан әкелер мен оқушылардың белсенділігі жоғары болды. «100 мектеп – 1000 әке» челленджі арқылы мектеп аулаларын қардан тазартып қана қоймай, әке мен бала арасындағы бірлік, ынтымақтастық, адамгершілік қасиеттері нығая түсті.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *