ТАЗА ҚАЗАҚСТАН ЭКО ФЕСТИВАЛІ
Бүгін 2025 жылдың 21 сәуір күні Сана отбасылық спорт сарайында республикалық «Таза Қазақстан»экологиялық фестивалі болып өтті. Еліміздің әр өңірінен келген үздік экологиялық жобаларын оқушылар мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың алдында таныстырды. Аталған шарада Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінің 5-сынып оқушылары Ермекұлы Нұрбақыт пен Шаяхмет Айзат «Есіл өзенінің экологиялық жағдайы» стартап жобасын таныстырды. Жобада оқушыларымыз күн санап ластанып баражатқан өзенді қорғаудың жолдарын ұсынды. Мемлекет басшысы оқушыларымыздың жоба жұмысын тыңдап, өзінің жоғары бағасын берді. Кездесу соңында мемлекет басшысы оқушыларға естелік сыйлықтар табыстап, әр бастап жатқан жоба жұмысына сәттілік тіледі. Шара барысында іс-шараға белсене қатысқан оқушылармен жоба жетекшілері оқу-ағарту вице-министрі Еділ Сабырұлы Оспанның арнайы әзірленген алғыс хаттарымен марапатталды.
#біртұтас_тәрбие_астана
#оқу_ағарту_министрлігі
#білімбасқармасыастана