«ТАЗА МЕКТЕП АКЦИЯСЫ»
2022 жылдың 7-15 қараша күндері аралығында мектебіміздің Экопатруль экологиялық топ оқушыларының ұйымдастыруымен «Таза мектеп» акциясы аясында 5-7 сынып оқушыларымен макулатура жинау байқауы өтті. Акцияның негізгі мақсаты мектеп оқушыларының экологиялық мәдениетін көтеру,табиғатқа қамқор болуға,қоршаған ортаны аялауға,мейірімді болуға шақыру. Акция бастау алған күннен бастап мектеп оқушылары макулатура жинауға белсене кірісіп,қайта сұрыпталуға жататын қағаз,картон сияқты жарамсыз материалдарды тапсырды. Барлық тапсырылған қағаздарды экопатруль топ оқушылары өлшеп,арнайы қапшықтарға салып сұрыптау орталығына жөнелтуге дайындады. Сондай-ақ макулатура тапсыру арқылы табиғатымыздың,мектебіміздің тазалығын сақтап, сонымен қатар орман ағаштарының кесілуіне тосқауыл болатындықтары туралы айтылды. Акция қорытындысы бойынша 5 сыныптар арасында 5 «в» сыныбы (165 кг) І орын, 5 «а» сыныбы (124 кг) ІІ орын, 5 «е» сыныбы (121 кг) ІІІ орын иеленсе, ал 6 сыныптар арасында 6 «в» сыныбы (192 кг) І орын, 6 «ә» сыныбы (121 кг) ІІ орын, 6 «б» сыныбы (100 кг) ІІІ орынды иеленді. Сондай-ақ 7 сыныптар арасында7 «ә» сыныбы (208 кг) І орын, 7 «г» сыныбы (154 кг) ІІ орын, 7 «д» сыныбы (53 кг) ІІІ орын иеленді. Жалпы жиналған макулатура арнайы Экоkz сұрыптау орталығына тапсырылып түскен қаражатты топ оқушылары қайырымдылыққа табыстады. Ал жеңімпаз сыныптарға арнайы балаларға арналған фильмдер ұсынылды. Таза болса табиғат-аман болар адамзат демекші, әр адам өзінен бастап қоршаған айналасын таза ұстап,қоқыстарды арнайы сұрыпталу орнына салып жүрсе,табиғатымызда бізге байлығымен мейірімділігін төкпек.