Skip to content

ТАЗА ТАБИҒАТ, БІЗДЕН БАСТАЛАДЫ Табиғат барша адамзатқа аманат болған қасиетті…

ТАЗА ТАБИҒАТ, БІЗДЕН БАСТАЛАДЫ

Табиғат барша адамзатқа аманат болған қасиетті ұғым. Қоршаған ортаны қорғау,аялау,мейірімділік таныту адамзаттық парызымыз! Табиғатты таза ұстауды дағдыға айналдыру отбасынан және мектеп табалдырығынан бастау алмақ! Осы орайда 6 желтоқсан күні Әлкей Марғұлан атындағы #40 мектеп – лицейінде "Таза табиғат,бізден басталады" атты экологиялық марапаттау кеші өтті. Аталған кеште оқушылар арасында ұйымдастырылған макулатура жинау акциясы,"Экология балалар көзімен"атты сурет байқауларының жеңімпаздары мен акцияға белсене қатысқан оқушылар марапатталды. Марапаттау кешіне арнайы қонақ ретінде мектебіміздің алғашқы экологиялық "ECO TEAM" топ мүшелері Салимжан Дильназ,Жаңбырбай Ғалымжан, Сағатов Оралбек,Есіркеп Инабат,Замирбекқызы Малика, Ержанқызы Амина арнайы қатысып жеңімпаздарға алғыс хаттар табыстады. Сондай-ақ топ мүшесі Боскеева Жұлдыз Түркия елінен арнайы сәлем жолдап жеңімпаз оқушыларға сәттілік тіледі. Кеш аясында арнайы сұрақтарға жауап берген оқушыларға ұйымдастырушылар атынан естелік сыйлықтар табысталды. Қатысушы оқушылар алғашқы экологиялық топ мүшелеріне өз сұрақтарын қойып пікір алмасты. Кеш соңында мектеп директоры Сәуле Амангелдіқызы жеңімпаз оқушыларды құттықтап,табиғатқа жанашыр жас ұрпақ қалыптастыру маңызды іс деп атап өтті. Сондай-ақ алғашқы Ecoteam мүшелеріне мектебіміздің экологиялық мәдениетін көтеру жолында атқарған жұмыстары үшін өз алғысын білдіріп ,арнайы алғыс хаттар табыстады. Кеште мектепшілік экологиялық топ мүшелері би билеп,ән айтып, Жер ана тақырыбындағы көріністерін ұсынды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *