ТАЗАЛЫҚ АСЫЛ ҚАСИЕТ!
2024 жылдың 21 қыркүйек күні Әлкей Марғұлан атындағы 40 мектеп-лицейінің ұстаздары мен оқушылары жалпықалалық сенбілікке шығып, мектеп ауласын қоқыстан тазартты. Сенбілік аясында мектебіміздің оқушылары өздерінің арнайы әзірлеген флешмоб биін ел назарына ұсынып, барша қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. «Бірге біз өз елімізді таза ете аламыз!» ұранымен өткен жалпы қалалық сенбілікке қатысқан 87 мұғалім мен, 51 оқушыға мектеп директоры Үйсімбаева Сәуле Амангелдіқызы өз алғысын білдіріп, мектеп ауласының көркейіп, гүлденуі әрқайсымызға байланысты екендігін сөзге тиек етті.