ТӘЖІРИБЕ БӨЛІСУ СЕМИНАРЫ
2024 жылдың 05 қаңтар күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейі мен Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұстаздары арасында тәжірибе алмасу семинары болып өтті. Семинарда Назарбаев зияткерлік мектебінің оқытушылары өз мектептеріндегі “Оқу үрдісіндегі дифференциалды оқытудың ерекшеліктері, оқу үрдісіндегі стресті төмендету тәсілдері”, «Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы, «Даналық бейсенбі» жобасы, «Ата-ана университеті» жобасы, «Талқылайық» жобасы атты тәжірибелерімен бөлісті. Қазіргі таңдағы өздерінің сабақтарында әке мен анаға, ата мен әжелерге арнап қолданып жүрген тиімді әдіс-тәсілдерімен бөлісе келе Әлкей Марғұлан мектебінің сынып жетекшілерімен тың идеяларды іске асыру бойынша ой қозғады. Тиімді әдіс-тәсілдерімен ұстаздар қауымы алдағы уақыттада бір-бірімен кездесіп, ой бөлісу семинарларын жалғастыру қажет деген ұсыныс білдірді. Жалпы семинардағы әдіс-тәсілдерді практика жүзінде қолданып, ата-анамен оқушы, мұғалім арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынасты нығайтуда мол септігін тигізері анық.
#bilimastana