Skip to content

ТЕАТРДАҒЫ ТАҒЫЛЫМ: «ЕКІ ҒҰМЫР» қойылымынан түйген ой 2025 жылдың 28…

ТЕАТРДАҒЫ ТАҒЫЛЫМ: «ЕКІ ҒҰМЫР» қойылымынан түйген ой

2025 жылдың 28 қараша күні Музыкалық жас көрермен театрында «Екі ғұмыр» спектаклі көрсетілді. Бұл іс-шараға мектебіміздің оқушылары да қатысып, қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі – есірткінің зардабы мен одан сақтанудың маңызын театр өнері арқылы терең түсініп қайтты. Көрермендерге ұсынылған қойылым жасөспірімдердің дұрыс таңдау жасау, өмірлік құндылықтарды бағалау, өз болашағына жауапкершілікпен қарау сынды маңызды ойларды жеткізді. Оқушылар спектакльден ерекше әсер алып, алған тәрбиелік мәні жоғары сабақтарын өзара талқылады. Мұндай шаралар жастардың саналы көзқарасын қалыптастыруға, зиянды әдеттерден аулақ болуға зор ықпал ететіні сөзсіз.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *