Төтенше жағдайды алдын алайық!
Бүгін 2024 жылдың 24 қаңтар күні Әлкей Марғұлан атындағы
№ 40 мектеп-лицейінде Сарыарқа ауданы төтенше жағдайлар басқармасының инженері Негманов Даулет Ерболұлы келіп қызметкерлерге төтенше жағдайлар орын алған кездегі және қыс мезгіліндегі жылыту маусымындағы ток көзіне қосылатын жылыту құрылғыларын пайдаланудағы қауіпсіздік туралы ақпараттық дәріс оқыды. Аталған кездесуде тілсіз жаудың алдын алу шаралары, алғашқы көмек және эвакуациялау қағидалары түсіндірілді. Даулет Ерболұлы қызметкерлерді сақтық шараларын сақтауға шақырып қандай да бір қауіп төнсе тиісті арнайы қызмет орындарына хабар беру керек екенін айтып өтті. Сондай-ақ қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.