Skip to content

«ТҮЛЕКТЕР САБАҚТАСТЫҒЫ» ЖОБАСЫНА 10 ЖЫЛ Бүгін, 2025 жылдық 17 мамыр…

«ТҮЛЕКТЕР САБАҚТАСТЫҒЫ» ЖОБАСЫНА 10 ЖЫЛ

Бүгін, 2025 жылдық 17 мамыр күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде «Түлектер сабақтастығы» жобасының 10 жылдығы аясында «Ұстазды ұлықтау – ұлағат» атты турнир болып өтті. Аталған іс-шараға құрметті қонақтар мен мектеп түлектері, мұғалімдер мен оқушылар қатысты. Мектебіміздің гимні «Марғұлан маршынан» бастау алған ашылуында мектептің бұрынғы басшысы ұлағатты ұстаз, тіл жанашыры, білікті басшы Іргебай Ербол Ісләмұлын бір минут үнсіздікпен еске алып, мектептің басқарған кезіндегі атқарған игі істері айтылды. Идея авторы Ербол Ісләмұлы «Ұлылықты ұлықтау – ұрпаққа ұлағат» жобасын әзірлеп, білімді, өнерлі шәкірттерге «Марғұлан сыйлығын» табыстаған. Бүгін 2006 жылдан бері осы сыйлықты алған дарынды түлектер келіп, жылы естеліктерімен бөлісті. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры Кемеңгер Қайырбек Ризабекұлы биылғы жылдың «Марғұлан сыйлығын» үздік оқушы, биылғы түлегіміз Егізбай Ұланға табыстады. 2006-2024 жыл аралығында мектебімізден түлеп ұшқан дарынды шәкірттер келген қонақтарға әсерлі естеліктерінен бөлек, өлең оқып, күймен көмкерді. Ақын Әнкей Елдос арнауымен, күйші Бижанов Мәди күйімен көрермен көзайымына айналды. Олардың ізін жалғаған дарынды шәкірттеріміз де өлең оқып, мазмұнды кештің көркін ашты. Спорт саласында биік белестерді бағындырып, Астана, Қазақстан құрамасында ел намысын асқақтатып жүрген спортшы түлектеріміздің жетістігі айтылып, олардың ізін жалғап жүрген қазіргі спортшы ұл-қыздарымыз медальдарымен шығып, жігерлі оқушыларға рух берді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *