" ҰЛ ТӘРБИЕСІ-ҰЛТ ТӘРБИЕСІ"
Ата-бабамыз ұл бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп, бала кезден ер азаматқа сай тәрбиеге баулып,шыңдап отырған. Ұл баланың бойына адалдық, сабырлық,шыншылдықты сіңіріп өсірген.Ұл тәрбиесі,ұлт болашағы деп түсінген дана халқымыздың сенімі қазірде жалғасын табуда. Осы орайда 24 қараша күні мектебіміздің 5-7 сыныптары және 27 қараша күні 8-11 сынып ұлдарымен "Ұл тәрбиесі-Ұлт тәрбиесі" атты жиналыс өтті. Күн тәртібінің бірінші бағыты бойынша директордың тәрбие жұмысы орынбасары К.Атчибаев Ұл баланың мәдениеті,қоғамдық жерлерде өзін ұстауы,мектепшілік ережелерді ұстану деңгейлері,мектеп мүлкіне құрметпен қарауы,үлкенге құрмет,кішіге ізет етуі сияқты тақырыптарды қамтыды. Екінші мәселеде оқушыларға Буллинг,Кибербуллинг бойынша арнайы бейнеролик ұсынылып қазіргі кездегі буллинг түрлері туралы айтылды.Оқушыларға егер буллингке тап болса жасырмай ата-анасына,мұғалімдерге дер кезінде хабар беру керектігі немесе мектеп дәлізіне қойылған сенім жәшіктеріне,QR кодтарға ақпарат берулері керек екені айтылды. Сондай-ақ әлеуметтік желілер арқылы жасалатын кибербуллингке тоқталып оқушыларға бейтаныс парақшаларға тіркелмеу, мектеп атынан немесе жалған есіммен парақша ашып бір-бірін мазақ ету,кемсіту сияқты жазбалар жазудың арты құқықбұзушылық деп танылып ҚР заңнамасына сай шара қолданылатыны туралы түсіндірілді. Сондай-ақ күн тәртібіндегі үшінші мәселе қоғамда жасөспірімдер арасында кеңінен тарап үлгерген электронды сигарет,вейптың оқушыға зияндылығы туралы түсіндірілді. Жиналыс барысында 9 сынып оқушысы Серік Абзал алдағы уақытта өткізілетін іс-шаралар туралы өз пікірін білдіріп,жиналысқа қатысушы оқушылардың ұсыныс-пікірлері тыңдалды. Жиын жуырда ғана Қарағанды қаласында өткен ережесіз жекпе-жектен жүлделі I орынды еншілеп келген Бахыт Нұрғисаны кезекті жеңісімен құттықтаумен қорытындыланды.
#ұлдаржиналысы