Ұлдар жиналысы
Бүгін 2024 жылдың 23 қыркүйек күні мектебіміздің орта буын 7 сынып ұлдарымен жиналыс өтті. Жиналыстың күн тәртібінде мектеп ережесінің сақталуы, буллингтың алдын алу, ұл бала тәрбиесі мен мәдениеті, әлеуметтік желі ойындарының қауіптілігі, түнгі мезгілде жүрмеу, зиянды нәрселерден аулақ болу сондай-ақ мектеп мүлкіне ұқыптылықпен қарау сияқты мәселелер айтылды. Жиналысқа Учаскелік инспекторлар полиция аға лейтенанты Нартай Данияр Жанболатұлы және Бимжанов Даурен Талғатұлы, жедел-уәкіл полиция капитаны Танатаров Нұрдаулет қатысып жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық бойынша ақпарат берді.