Skip to content

ҮЛГІЛІ АТА-АНАҒА ҚАРАП БОЙ ТҮЗЕГЕН БАЛА – ЕЛ ЕРТЕҢІ Бүгін,…

ҮЛГІЛІ АТА-АНАҒА ҚАРАП БОЙ ТҮЗЕГЕН БАЛА – ЕЛ ЕРТЕҢІ

Бүгін, қыркүйектің 13-і күні, Әлкей Марғұлан атындағы #40 мектеп-лицейінде 1-сынып оқушыларының ата-аналарына арналған жиналыс ұйымдастырылды. Білім ордасына енді қадам басқан балалардың ата-аналарында оқу жылының басында көкейде бірқатар сұрақ болатынын негізге ала отырып, басқосуды ұйымдастыру күн тәртібіне қойылған еді. Мұндағы басты мақсат – мектеп ата-аналарына педагогикалық, психологиялық қолдау көрсету, сұрақтар туындаса, бірлесе шешу. Тағылымды басқосуды жүргізген директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Қайрат Атчибаевтың айтуынша, отбасы – маңызды әлеуметтік институт, сондықтан ата-ана мен бала арасында еш кедергі, өзара түсініспеушілік орын алмауы тиіс.
Күн тәртібі негізінде қаралған басты мәселе – мектеп психологтарының әзірлеген педагогикалық, психологиялық қолдау кеңестері. Мәселен, мектеп психологы Л.Мыңбаева жылда ұйымдастырылатын мұндай форматтағы жиналыс ата-аналарға балаларды тәрбиелеуде көмегі зор екенін айтып, бірнеше ақпаратпен таныстырып өтті. Мәселен, бейнеслайдта бала өмірінде болатын өзгерістер кезеңі, қиындық неден туындайды, режим және оған дағдылану, ата-ананың бала алдында міндеті не, сенімділік қайтсе пайда болады деген секілді сұрақтардың жауабы көрнекі кестелермен, суреттермен, мәтінмен бейнеленген. Жиналыс соңы ата-аналардың әртүрлі мәселе бойынша қойған сұрақтарымен және ізгі тілектерімен түйінделді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *