Skip to content

“ҰЛТҚА ҚЫЗМЕТ” ДЕРЕКТІ – КӨРКЕМ ДРАМА 2023 жылдың 19 қазан…

"ҰЛТҚА ҚЫЗМЕТ" ДЕРЕКТІ – КӨРКЕМ ДРАМА

2023 жылдың 19 қазан күні, Әлкей Марғұлан атындағы #40 мектеп-лицейінің оқушылары елордаға гастрольдік сапармен келген Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театрының "Ұлтқа қызмет" деректі-көркем драмасын тамашалады. Ұлт зиялыларының тар жылдарда азап кешкен ауыр тағдырынан, қазаққа жасаған қызметінен мағлұмат беретін қойылым Алаш ардақ­­тысы Әлихан Бөкей­хановтың «Ұлтқа қыз­мет ету білімнен емес, міне­з­ден» деген мазмұны терең сөзімен қорытындыланды. Деректі-көркем драманы тамашалаған балалар елге қызмет етуде қажыр-қайрат танытып, өр рухты болып, еңбек ету керек деген ойын айтып, "ұлт зиялыларының өмірі – біз секілді жас ұрпақ үшін қашанда үлгі-өнеге" деді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *