«Ұлттық құндылық негізінде пәндерді оқыту: теория мен тәжірибе» тақырыбында
қалалық семинар
Астана қаласы әкімдігінің Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде 2025 жылдың 11 ақпан күні «Ұлттық құндылық негізінде пәндерді оқыту: теория мен тәжірибе» тақырыбында қалалық семинар өтілді.
Семинардың мақсаты: пәндерді оқытуда ұлттық құндылықтарды тәжірибеге енгізу, іс-тәжірибемен бөлісу
Семинарға Астана қаласы әдістемелік орталығының әдіскерлері: Мәдениет Қабатұлы, Маман Жанар Сейдахметқызы, Аят Сәбитович және қала мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері қатысты.
Жетекші мектеп пен серіктес мектептер №76,40,41,58 ұстаздары пәндерді оқытуда ұлттық құндылықтарды тәжірибеге енгізу іс-тәжірибемен бөлісіп, шебер сыныптар көрсетті. Оқытудың тиімді әдіс- тәсілдерін ұсынды. Семинар барысында ұлттық құндылықтарды білім беру процесіне ықпалдастырудың маңыздылығы жан-жақты талқыланып, тәжірибелік ұсыныстар берілді. Қатысқан ұстаздар өздерінің оң пікірлерін қалдырып, әдіскерлер семинарды қорытындылады.
