Skip to content

ҰЛТТЫҢ ЖАНЫ – ТІЛ Қарға тамырлы қазақпен талай-талай тарихты артта…

ҰЛТТЫҢ ЖАНЫ – ТІЛ

Қарға тамырлы қазақпен талай-талай тарихты артта қалдырып, жаңа заманға жеткен бір құдірет бар, ол – ана тілі. Жыл сайын жаңа оқу жылы басталғанда, ұлт үшін туған алып тұлға, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнінде – 5 қыркүйекте Қазақстан халқының тілдер мерекесі мен Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп-лицейін ұзақ жылдар басқарған, жүрегі қазағым деп соққан, тілегі қазағыма деп өткен Ербол Ісләмұлын еске алу кешін өткізу дәстүрге айналды.
Көзі тірісінде жан-жағына сыйлы болған абзал ағамыз Көкталда іргетасы қаланған алғашқы қазақ мектебіне көп еңбек сіңірді. Тікелей бастамасымен «Марғұлантану» курсы, «Марғұлан олимпиадасы», «Марғұлан оқулары», «Марғұлан ізімен» туристік-өлкетану экспедициясы ұйымдастырылды. Сондай-ақ «Марғұлан маршы», «Марғұлан сыйлығы», «Марғұлан әліппесі», «Марғұлан» журналы жарық көріп, 2006 жылы 11 мамырда Марғұлан музейі ашылды. Осындай жүйелі жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 2014-2015 оқу жылында Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп-лицейі Астана қаласы әкімінің «Үздік мектеп» атағын иеленді. Сондықтан жасап кеткен ұлы істер ешуақытта санадан өшпейді. Биыл да бұл шара «Ұлт марқасқаларының мұрагері» деген атаумен Ербол Іргебай кабинетінде өткізілді. Шәкірттердің санасына нұр құйған кеште Ахмет Байтұрсынұлы мен Ербол Ісләмұлының қаламынан шыққан туындылар оқылды. Арнайы әзірленген бейнебаян көрсетілді. Қадірменді қонағымыз: белгілі тіл жанашыры, қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазы тағылымды іс-шараға қатыса отырып, жастарды ана тілінде сөйлеп, келешекте елдің, жердің қорғаушысы, қамқоршысы болуға үндеді.
#ұлтұстазы #румцдо #bilimastana
@bilimastana
@k.sengazyyev_official
@oqu_agartu_ministrligi
@gani.beisembayev

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *