ҰЛТЫНА ҒҰМЫРЫН АРНАҒАН ҰЛЫ ТҰЛҒА
🔶Бүгін, 2022 жылдың 05 қыркүйек күні, Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына және тілдер күніне арналған «Ұлтына ғұмырын арнаған ұлы тұлға» атты әдеби-сазды кеш өтті.
🔸Халқымыз өзінің тарихында ерекше орны бар екі тұлғаны «ұлт ұстазы» деп ардақтаған. Алдымен, әрине, ұлы Абай, одан кейін Ахмет Байтұрсынұлының есімі ерекше аталады. Алаш көсемі, қазақтың біртуар перзентінің туғанына биыл 150 жыл толып отыр.
🔸Айтулы мерейтой қарсаңында өткен іс-шара барысында оқушылар ұлы ұстаздың өлеңдері мен шығармаларын оқып, мысалдарын тізбектеп, олардың тәрбиелік мәні мен өзектілігін ортаға салды.
Қазақ ұлтының жазу-сызу мәдениетінде орны айрықша тұлғаға арналған әдеби-сазды кеш соңында күй тартылып, 5 – сынып оқушысы Мұрат Дінмұхамедтің орындауында «Мен қазақпын» әні шырқалды.
🔶Өз заманында ел егемендігін аңсап, қазақ балаларының білімге ынтық болғанын армандап өткен ұлт перзентінің жаңа замандағы ұрпақтары 150 жылдық аясында бас қосып, ұлы есімді ардақтады.
@bilimastana
@s_kassymkhan
@oqu_agartu_ministrligi