"Ұстаз қымбат, ұстаз биік, қадірлейтін бар адам" Бүгін 2019 жылдың 4 қазан күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде Ұстаздар күні мерекесі атап өтілді. Мереке өзін-өзі басқару ұйымының мұғалімдерге арналған жылы қошеметімен басталып, ұстаздардың қатысуымен өткен сабақтарға ұласты. Оқушылар ұстаздардың бір күндік қызметін ерекше ынта-ықыласпен ойдағыдай атқара алды. Ал мұғалімдер оқуышы рөліне еніп, сабаққа белсене қатысып, ат салысты. Мереке соңы "Ұстаз қымбат, ұстаз биік, қадірлейтін бар адам" атты концерттік қорытыланды. Мерекелік кешке мектебіміздің ардагер ұстаздары келіп, оқушылардың алғысына бөленді. Кеште "Жас Ұлан" оқушылар ұйымының мүшесі Абулхаир Тамерлан өткізілген сабақтарда белсенділік танытқан ұстаздарды марапаттады. Мектеп директоры Базыл Жангелді Сағынтайұлы мектебіміздің аяулы ұстаздарын мерекемен құттықтап, жас мамандарға еңбек кітапшасын табыстап, жемісті еңбек еткен мұғалімдерді арнайы алғыс хаттармен марапаттады.
