Skip to content

ҰСТАЗ МЕРЕЙІ 2025 жылдың 3 қазан күні Әлкей Марғұлан атындағы…

ҰСТАЗ МЕРЕЙІ

2025 жылдың 3 қазан күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде ұстаздар күніне арналған «Ұстаз мерейі» атты мерекелік концерт болып өтті. Кеш – білім мен тәрбиенің шамшырағы болған ұстаздарға деген алғыс пен құрметтің айғағы болды. Оқушыларымыз ұстаздарына арналған жүрекжарды өлеңдерін оқып, ән мен би тарту етіп, ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлады. Кешке арнайы қонақ ретінде шақырылған қадірлі меймандарымыз ұстаздарға деген ризашылықтарын білдіріп, өз тілектерін айтты. Мәдениет саласының үздігі, «Шіркін лайф» тележобасының жеңімпазы Бауыржан Нұрымбетов пен филармония әртісі Шалгинбаева Аийда Сейілбекқызы қатысып, барша көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. «Ұстаз – ұлттың шамшырағы» дегендей, бұл кеш әр ұстаздың еңбегіне деген үлкен құрметтің, рухани мерейдің мерекесіне айналды.

#ҰстазМерейі
#ҰстаздарКүні
#ҰстазғаҚұрмет
#МектепӨмірі
#Алғыс
#ҰлағаттыҰстаз

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *