Ұстаздарға – түлектерден жүрекжарды алғыс!
Ұстаз деген – бізге әріп үйреткен алғашқы адам ғана емес, өмірдің мәнін ұқтырған, арманға жетелеген, адам болуды үйреткен тұлға.
Ол әр шәкірттің жүрегіне үміт отын жағып, сенім сыйлаған жарық жұлдыз.
Бүгін біз, мектеп түлектері, жүрегімізден шыққан алғысымызды арнаймыз:
💐 Сіздердің әр сөзіңіз, әр ақылыңыз – өмірлік сабақ болды.
Біз биікке көтерілсек – ол сіздердің төккен маңдай терлеріңіздің, мейірім мен төзімдеріңіздің жемісі.
Қадірлі ұстаздар!
Бізге білім мен рух беріп, өмірдің даңғыл жолына бағыттағандарыңыз үшін мың алғыс!
Жүректеріңізде нұр, өмірлеріңізде қуаныш мол болсын! ❤️
