Skip to content

ҰСТАЗДЫҢ ЖОЛЫ – ҰЛЫЛЫҚ, ШӘКІРТІ ЖҮРЕР ҰҒЫНЫП! Ұстаз салған сара…

ҰСТАЗДЫҢ ЖОЛЫ – ҰЛЫЛЫҚ, ШӘКІРТІ ЖҮРЕР ҰҒЫНЫП!

Ұстаз салған сара жол қашан да оқушылар көңілінде жаңғырып тұрмақ. Саналы өмір жолында талай шәкірт тәрбиелеп, талай оқушы арманын ақиқатқа айналдырып, жүрек қалаған мамандығына адалдық танытқан ардагер ұстаздарымыз көп. Солардың бірі – Марғұлан мектебінің алғашқы директоры, ардақты ұстаз Қамаш Сейтжанқызымен 2021 жылдың 10 желтоқсанында Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде тағылымды да тәрбиелік мәні зор емен-жарқын жүздесу өтті.
Сонау 90-жылдары қазақ мектептері тапшы, орыс мектептері басым болған заманда апайымыз ұлт үшін деген істің басы-қасында жүріп, қазақы дәстүрді сақтап қалуға сіңірген еңбегі ұшан-теңіз. Үй-үйді аралап, қазақ балаларының болашағы, білім нұры қазақ мектебінде екенін ұғындыра келе, «Көктал» ауданында Марғұлан мектебінің ашылуына, іргесінің қалануына бір кісідей атсалысты. Осындай елеулі еңбектің арқасында бүгінде Әлкей Марғұлан мектебі елордалық мектептердің үздіктері қатарында. Мұны мақтанышпен айта аламыз.
Ұлағатты ұстазды ұлықтаған танымдық шараға мектеп оқушылары, мұғалімдер, ардагер ұстаздың алдынан өткен шәкірттері қатысып, көңілге нұр, санаға сәуле құйды деген ойдамыз. Өйткені Қамаш апай жүріп өткен даңғыл жол – ешкімге ұқсамайтын, ешкімді қайталамайтын сара жол, ұзақ та қиын жол. Айтарыңыз әлі де таусылмасын, алтын сандық кеудеңізден талай естеліктер төгіле берсін, қадірлі Қамаш Сейітжанқызы.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *