Skip to content

ҮЗДІК МЕКТЕП ПАРЛАМЕНТІ 2025 жылдың 21, 24 ақпан күндері Әлкей…

ҮЗДІК МЕКТЕП ПАРЛАМЕНТІ

2025 жылдың 21, 24 ақпан күндері Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп-лицейінің мектеп парламенті оқушылары қалалық «Үздік мектеп парламенті» байқауына қатысты. Оқушылардың көшбасшылық қабілеттерін дамытуды мсақсат еткен байқау мектеп парламентінің «Біз біргеміз!» шығармашылық презентациясы, Мектеп парламентінің «Жылдың үздік жобасы» презентациясын қорғау, «Шексіз идеялар» бойынша ситуациялық тапсырмалар, «Шығармашылықпен басқару» үй тапсырмасы кезеңдерінен ұйымдастырылып өткізілді. Аталған сайыста іріктеу кезеңінен өтіп, сайыста жүлдегерлер қатарынан көрінген мектебіміздің «ЖасStar» командасы ІІ орынды жеңіп алды. Жетекшісі: Жұлдыз Найманбаева ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *