Skip to content

ҮЗДІК ТӘРБИЕ ОРЫНБАСАРЫ «ЕҢ ҮЗДІК ТӘРБИЕ ОРЫНБАСАРЫ – 2021» БАЙҚАУЫ…

ҮЗДІК ТӘРБИЕ ОРЫНБАСАРЫ
«ЕҢ ҮЗДІК ТӘРБИЕ ОРЫНБАСАРЫ – 2021» БАЙҚАУЫ
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша білім беру ұйымдарының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары арасында қалалық «Ең үздік тәрбие орынбасары-2021» байқауы өткізілген болатын. Аталған байқау екі кезеңді құрады.Бірінші кезең бойынша тәрбие жұмысының үздіктері өздерінің жұмыс күндерінен бір күнді бейнелеп бейне роликтер дайындады, осы аталған кезеңнен келесі кезеңге 15 қатысушы екінші финалдық кезеңге жолдама алды. Байқау талабына сай «Сreative Mentor Shool», «Заманауи педагог» слайд түрінде мультимедиялық жобаның презентациясы және жобаның бейнеролигі жасалып байқаудың финалдық кезеңіне жолданған болатын. Осы аталған кезеңдер бойынша өзінің «Эко мектеп» жобасын ұсынған әріптесіміз Әлкей Марғұлан атындағы 40 мектеп-лицейі директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Найманбаева Жұлдыз Балғабайқызы екі кезеңнен де сүрінбей өтіп, "Ең үздік тәрбие орынбасары" қалалық байқауының І орын жеңімпазы атанды. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *