«Үздік жас маман -2025»байқау қорытындысы
2025 жылдың 12 мамырда Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде «Үздік жас маман-2025» байқау өтті. Бұл шарада педагогикалық еңбек өтілі 1-3 жылға дейінгі мектеп-лицей жас мамандары өзара бақ сынасып, шеберліктерін көрсетті. Байқау нәтижесінде бастауыш сынып мұғалімі Зейнуллина Гүлім Қазгелдіқызы -1- орын, математика пәнінің мұғалімі Абдирова Кәмшат Махамбетиярқызы мен биология пәнінің мұғалімі Амангелді Әзиза Сапарғалиқызы-2- орын, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Исламбекова Закира Канышовна -3- орын, Наурзалина Эльназ Еркінқызы, Қайырғазы Марат Қайырғазыұлы,Елібай Фариза Тұрарханқызы, Толектемирова Айым Максутовналар түрлі номинацияларға ие болды. Байқауға қатысушы барлық жас мамандар диплом, кәсіподақ ұйымының сыйлықтарымен марапатталды. Бұл шара жас педагогтердің кәсіби дамуына ықпал етіп, олардың шығармашылық, әлеуетін арттыруға ерекше серпін берді.