*Вейпсіз балалық шақ!*
*Жігерлі жастар спорттық жарысы!*
Бүгін 2024 жылдың 17 мамыр күні мектебіміздің 8-10 сынып оқушылары арасында “Вейпсіз балалық шақ” акциясы аясында “Жігерлі жастар” спорттық жарысы өтті. Жарыс мақсаты оқушыларды салауатты өмір салтын ұстануға баулу,жағымсыз әдеттерден аулақ болуға,бос уақыттарын тиімді ұйымдастыра білуге бағыттау болды. Оқушылар жарыс ережесіне сай 3 кезең бойынша бақтарын сынады. Алғашқы кезең гір тасын берілген уақытқа көтеру сайысы бойынша жүргізілді, аталған бағыт бойынша 8 сыныптар бойынша І орын Токишев Диас 8 А сыныбы, ІІ орын Оспан Ерасыл 8 Д, сыныбы , ІІІ орын Зейнолла Дінмұхаммед 8 З сыныбы иеленсе 10 сыныптар бойынша І орын Марат Дінмұхаммед 10 Ә сыныбы , ІІ орын Серік Мирас 9 А сыныбы, ІІІ орын Имашев Аманали иеленді.
Кермеге тартылу бойынша жүлделі 1 орын Арынгазиев Бекжан 8 А, 2 орын Бақыт Нұрғиса 9 А, 3 орын Куатбеков Санжар 10 Ә сыныбы иеленді.
Кеуде жаттығуы бойынша 1 орын Баймағанбет Арсен 9 Б, 2 орын Нұрәлі Нұрдаулет 9 В, 3 орын Болатбек Абылай 9 А сыныбы иеленді. Жеңімпаз оқушыларымыз арнайы жарыс дипломдарымен және медальдармен марапатталды!
#вейпсізжастар
#жігерліжастар
@bilimastana
@astana_adistemelik_ortalyq