Skip to content

ВОЛЕЙБОЛ ЖАРЫСЫ 2023 жылдың 6 қаңтар күні Әлкей Марғұлан атындағы…

ВОЛЕЙБОЛ ЖАРЫСЫ

2023 жылдың 6 қаңтар күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде оқушылардың қысқы демалысын қызықты өткізу аясында мектебіміздің 8-9 сынып оқушылары арасында волейболдан жарыс болып өтті. Жалпы жарысқа 8-9 сыныптарынан құралған командалар қатысып бақтарын сынады. Тартысты өткен жарыстың қорытындысы бойынша8-сыныптар арасында жалпы командалық есепте жүлделі І орынды 8 «Е» сыныбы, ІІ орынды 8 «А» сыныбы, ІІІ орынды 8 «Д» сыныбы иеленді. Ал 9-сыныптар бойынша І орынды 9 «Б» сыныбы, ІІ орынды 9 «Ә» сыныбы, ІІІ орынды 9 «В» сыныбы иеленді. Сонымен қатар волейбол ойынында тартысты ойын көрсеткені үшін ойында үздік деп танылған оқушылар «Үздік ойыншы» номинацияларымен марапатталды.
Жеңімпаз оқушыларымызды құттықтаймыз!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *