ЫЗҒАРЛЫ ЖЕЛТОҚСАН ЖЕЛІ
Кешегі тарихта сызат қалдырған Желтоқсан-86 оқиғасы жанға жара салады әр кез. Өткен тарих өткелін біздің өнерлі оқушылар қайта жаңғыртқандай болды. Үйірме жетекшісі Алмас Заитовтың баптауымен театр өнерін меңгеріп жүрген шәкірттер «Желтоқсан – азат рухтың жаңғырығы» тақырыбымен сахна қойылымын ұйымдастырып, тәрбиелі, мазмұнды кеш өткізді. Қойылымға 1986 жылы орталық алаңға шығып, қатып қалған жүйенің өзгергенін талап еткен жігерлі студент жастардың көзсіз ерлігі, көтерілісі, батыр Қайрат Рысқұлбековтің солақай саясатпен арпалысы арқау болды. Сонымен бірге қойылымды тамашалаған мектеп мұғалімдері оқушылардың ән-күй, би өнерін тамашалап, қатпарлы тарихтан түйін түйді.