Skip to content

ЗАМАНАУИ МҰҒАЛІМНІҢ ӨЗІН-ӨЗІ ТӘРБИЕЛЕУІ: ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫНА ӘСЕРІ МЕН МАҢЫЗЫ 2025…

ЗАМАНАУИ МҰҒАЛІМНІҢ ӨЗІН-ӨЗІ ТӘРБИЕЛЕУІ: ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫНА ӘСЕРІ МЕН МАҢЫЗЫ

2025 жылдың 31 қазан күні мектеп мұғалімдерімен «Заманауи мұғалімнің өзін-өзі тәрбиелеуі: ұрпақтар сабақтастығына әсері мен маңызы» тақырыбында семинар өтті. Семинардың мақсаты – мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыру, өзін-өзі жетілдіру және тәрбиелеу арқылы заманауи педагогтың тұлғалық келбетін қалыптастыру, сондай-ақ ұрпақтар сабақтастығының маңызын айқындау болды. Іс-шара барысында қатысушылар қазіргі білім беру үдерісіндегі мұғалімнің рөлі, педагогтің өзін-өзі дамыту мен кәсіби өсу жолдары, үздіксіз білім алу мәдениеті туралы пікір алмасты. Сонымен қатар, әр буынның ерекшеліктері мен құндылықтары талданып, олардың өзара сабақтастығын нығайту жолдары қарастырылды. Семинарда ұстаздар өздерінің жұмыс тәжірибелерінен мысалдар келтіріп, әдістемелік кеңестер берді. Қатысушылар мұғалімнің тұлғалық дамуы мен өзін-өзі тәрбиелеудің білім сапасына және оқушының жан-жақты дамуына тікелей әсер ететінін атап өтті. Іс-шара соңында семинар қорытындыланып, педагогтердің кәсіби өзін-өзі жетілдіру бағытында алдағы уақытқа арналған ұсыныстар мен нақты міндеттері айқындалды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *