ЗЕРДЕ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ
2023 жылдың 21 қыркүйек күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп лицейінде мектепішілік "Ғылыми жоба" және "Зерде" бойынша 2-7, 8-11- сынып оқушылары арасында іріктеу өткізілді. Іріктеудің басты мақсаты: оқушылардың зерттеушілік, ғылыми ойлау қабілеттерін дамыту.
Іріктеу кезеңі мектеп директоры Уйсимбаева Сәуле Амангелдіқызының оқушыларды құттықтауымен бастау алды. Директордың бейіндік оқыту ісі жөніндегі орынбасары 2023-2024 оқу жылы оқушылардың ғылыми қоғамының атауы, мақсаты,мектептегі ғылыми қоғам мүшелерін атап өтті. Жалпы мектепішілік кезеңге 21 оқушы қатысты. Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының мектепішілік кезеңіне қатысушылардың жұмыстары әділқазылар алдында қорғалып, ұсынымдар айтылды. Оқушылардың дайындығы әр деңгейден көрінді. Алдағы уақытта оқушыларымыз қалалық, республикалық кезеңнен жүлделі орын иеленіп, ғылымға енгізер жаңалықтары көп болғай.