Жаһандану жағдайындағы жастардың рухани – адамгершілік тәрбиесі атты мектепшілік ұлдар жиналысы!
Бүгін 2021 жылдың 14 қазан күні мектебіміздің 8-10 сынып оқушыларымен ұлдар жиналысы өткізілді. Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша сөз алған директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Қайрат Сиражиденұлы халқымыздың ұл бала тәрбиесіндегі ұстанған әдептері,тәрбиелік ұстанымдары жөнінде баяндады. Сондай – ақ мектепшілік ережеге тоқталып,ер балалардың тәртібі туралы өз ойын айтты. Келесі болып сөз алған мектебіміздің театр үйірмесінің жетекшісі Алмас Рифхатұлы қазіргі қоғамдағы жастардың рухани адамгершілік тәрбиесі жөнінде баяндады. Күн тәртібіндегі үшінші мәселе жастар арасында белең алып отырған электронды сигареттің зияндылығы,оқушы денсаулығына тигізер әсері туралы болды, оқушыларға арнайы бейнеролик назарға ұсынылып зиянды нәрседен аулақ болу керектігі айтылды. Жиын соңында ұл балдар арасында «Намыс» ерікті ұлдар ұйымы құрылды, ұйым мақсаты мектебіміздегі ер балалардың іс-шараларға белсене қатысуын қамтамасыз ету, ұлттық ойындарымызды жандандыру, ұлдар арасындағы тәртіпті қадағалау,спорттық ойындар ұйымдастыру, оқушылардың бос уақыттарын тиімді пайдалану үшін қызықты мәдени-іс шараларға тарту.
