ЖАЙДАРЛЫ ЖАСҰЛАН ✍️2019 жылдың 27-қараша күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде 5-7 сыныптар арасында "Жайдарлы Жасұлан" көңілді тапқырлар ойыны болып өтті. Ойын таныстыру, "Ертегі әлеміне саяхат" және "Менің кеңесімді түсін" атты үш кезеңнен тұрды. Ойын барысында балалар жоғары деңгейде өнер көрсетіп, сахнада өздерін еркін сезіне білді. ✍️Ойында оқушылар жас ерекшеліктеріне сай астарлы да мәнді әзілдер айтып, көрермендерге жағымды көңіл-күй сыйлай алды. Жайдарман ойыны қорытындысы бойынша жүлделі ІІІ орынды 5"Б" сыныбының құрама командасы мен 5 "Ә" сыныбынан құралған "Лицей тентектері" командасы, ІІ орынды 5 "В" сыныбының құрама командасы мен 5 "Д" сыныбының "Сұңқар" командасы иеленсе, жүлделі І орынды 5 "Г" сыныбынан құралған "Жайдарлы жасұлан" командасы қанжығалады. ✍️Ойында ерекше өнер көрсетіп "Үздік ойыншы" атағын 7 "А" сыныбынан Алиев Мағжан, 7 "Ә" сыныбынан Райханов Алихан, 5 "Г" сыныбынан Қойшыбаева Арай атанды.
