ЖАЙДАРЛЫ ЖАСҰЛАН
2022 жылдың 17 қараша күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде мектеп парламентінің ұйымдастыруымен балалар жылына орай мектепшілік «Жайдарлы Жасұлан» жайдарман тапқырлар ойыны болып өтті. Балалар жылын қолдау мақсатында оқушылардың бос уақыттарын қызықты өткізу, оқушыларды ізденіске, шығармашылыққа баулу ретінде жас дарынды оқушыларды анықтау. Байқау 8 сынып оқушылары арасында өткізіліп, 2 кезеңнен құралды. Топтың сәлемдесуі, еркін тақырыпта үй тапсырмасы. Екі кезеңде де тақырыпқа сай балалар жылы қамтылуы тиіс. Командалық есеп нәтижесінде ойынның келесі кезеңіне 8 «В» сыныбының 570 командасы мен 8 «Г» сыныбының ЖасStar командасы өтті. Командаларға СӘТТІЛІК тілейміз.
#Балаларжылы2022 #Годдетей2022