Skip to content

ЖАЙДАРЛЫ ЖАСҰЛАН 2022 жылдың 21 қараша күні Әлкей Марғұлан атындағы…

ЖАЙДАРЛЫ ЖАСҰЛАН

2022 жылдың 21 қараша күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде мектеп парламентінің ұйымдастыруымен балалар жылына орай мектепшілік «Жайдарлы Жасұлан» жайдарман тапқырлар ойыны болып өтті. Балалар жылын қолдау мақсатында оқушылардың бос уақыттарын қызықты өткізу, оқушыларды ізденіске, шығармашылыққа баулу ретінде жас дарынды оқушыларды анықтау. Жайдарман тапқырлар ойының мектебіміздің талантты оқушыларының бірі 10 сынып оқушысы Нұрсұлтан "Әндетемін" әнімен ашып берді. Байқау 9-10 сынып оқушылары арасында өткізіліп, 2 кезеңнен құралды. Топтың сәлемдесуі, еркін тақырыпта үй тапсырмасы. Екі кезеңде де тақырыпқа сай балалар жылы қамтылуы тиіс. Командалық есеп нәтижесінде ойынның келесі кезеңіне 9 «В» сыныбының Вареники командасы 54,5 ұпаймен 10 «А» сыныбының Интрига командасы 51 ұпаймен және де 10 «Б» сыныбының Мадина командасы 51 ұпаймен өтті. Келесі кезеңге өткен командаларға СӘТТІЛІК тілейміз.

#Балаларжылы2022 #Годдетей2022

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *