Skip to content

ЖАҚСЫ БАЛА, АТА-АНА ҚУАНЫШЫ 2025 жылдың 14 ақпан күні Әлкей…

ЖАҚСЫ БАЛА, АТА-АНА ҚУАНЫШЫ

2025 жылдың 14 ақпан күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде ата- аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмыс жоспары аясында 4-сыныптар ата-аналарының арасында “Жақсы бала, ата-ана қуанышы” атты жиналыс болып өтті. Бала тәрбиесіндегі ата – ананың ерекше орын алатынын түсіндіру, отбасы арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым – қатынасты қалыптастыруды мақсат еткен жиналысқа 4-сыныптың ата-аналары қатысты. Жиналыс дөңгелек үстел форматында өткізілді. Дөңгелек үстелде ата-аналар «Баланың басты ұстазы ата-ана» екендігін талқылап, өз ойларымен бөлісті. Жақсы баланы тәрбиелеуде ата-аналар неге көңіл бөлу керек? Балаларға көңіл бөлу, бірге театрға бару, қолдау және әлеуметтік желіде көп отырмауға, зиянды әдеттерден аулақ болуға шақыруымыз керек деген ой-пікірлерін ортада ашық талқылады. Жиналыс соңы мектеп ұстаздары тарапынан өткізілген түрлі тренингтермен қорытындыланды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *